Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Албания Республикасының Министрлер Кеңесі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім (Нью-Йорк, 2022 жыл 22 қыркүйек)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Албания Республикасының Министрлер Кеңесі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісім (Нью-Йорк, 2022 жыл 22 қыркүйек)

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Албания Республикасының

 Министрлер Кеңесі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы

 келісім

(Нью-Йорк, 2022 жыл 22 қыркүйек)

 

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 1098 Қаулысымен бекітілді

2023 жылғы 25 сәуірде күшіне енді

 

Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Албания Республикасының Министрлер Кеңесі

Тараптар мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынастарға жәрдемдесуге ниет білдіре отырып,

өз мемлекеттері азаматтарының Тарап мемлекеттерінің аумағына кіруін жеңілдету мақсатында

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

1. Тараптардың бірінің мемлекетінің азаматтары – жарамды жол жүру құжаттарының иелері бірінші келген кезінен бастап 365 күндік әрбір кезең ішінде күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен аспайтын кезеңге екінші Тарап мемлекетінің аумағына бір немесе бірнеше мәрте келу, одан кету, транзитпен өту, уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады. Қазақстан Республикасының азаматтары үшін болу кезеңі Қазақстан Республикасы азаматтарының Шенген аймағының аумағында болу қағидаларына сәйкес есептеледі.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген барынша көп кезеңнен ұзақ уақытқа екінші Тарап мемлекетінің аумағында жұмысқа орналасу немесе оқу мақсатында қалуға ниет білдірген Тараптардың бірінің мемлекетінің азаматтары – жарамды жол жүру құжаттарының иелері осы Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес талап етілетін тиісті визаны алуға тиіс.

 

 

2-бап

 

Қазақстан Республикасының жарамды жол жүру құжаттары:

дипломатиялық паспорт;

қызметтік паспорт;

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

Қазақстан Республикасына қайтып оралуға арналған куәлік (Қазақстан Республикасының жарамды жол жүру құжаты);

Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі.

Албания Республикасының жарамды жол жүру құжаттары:

ұлттық паспорт;

дипломатиялық паспорт;

қызметтік паспорт;

Албания Республикасына қайтып оралуға арналған жарамды жол жүру құжаты (тек Албания Республикасына қайтып оралу үшін);

теңізшінің жеке куәлігі (кеме тізіміндегі жазба немесе одан үзінді бойынша).

Добавить в список основных источников в Google

Демо – версия документа
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!