Ақсу қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 71/10 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2025 жылғы 15 тамыздағы № 219/37 шешімі
Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 71/10 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7437-14 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
7-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) кірістерін есепке алмай тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:
әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде ҰОС ардагерлеріне 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде (сауықтандыруға);