Теміртау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/4 «Теміртау қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 17 мамырдағы № 15/4 шешімі
Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Теміртау қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/4 «Теміртау қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 190851 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:
1) кірістер - 38 677 984 мың теңге,оның ішінде:
салықтық түсiмдер бойынша - 34 112 174 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 298 702 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 326 019 мың тенге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 3 941 089 мың теңге;
2) шығындар - 40 403 416 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 428 132 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 450 000 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 21 868 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 2 153 564 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландыру - 2 153 564 мың теңге.
қарыздар түсімдері - 0 теңге;
қарыздарды өтеу - 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 2 153 564 мың теңге.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
4. 2024 жылға арналған қалалық бюджет шығындары құрамында «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша 821 905 мың теңге көзделсін, оның ішінде:
1) Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында біржолғы әлеуметтік көмек көрсетуге - 49 020 мың теңге;