Осы редакция 2018 жылғы 30 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 30 бұйрығына
7-қосымша
«Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың
(өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
(2017.17.07. берілген өзгерістермен)
«Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. Жалпы ережелер
1. «Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017.17.07. № 50нс бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - ҰҚК) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші, оның ішінде www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап - 10 жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 20 минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.