«Төтенше жағдай және шектеу іс-шаралары кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 139 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 наурыздағы № 109 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20164 болып тіркелген, 2020 жылғы 26 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету қағидаларында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Егер 2020 жылғы 30 маусымдағы, 2020 жылғы 30 қыркүйектегі және 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - атаулы әлеуметтік көмек) алушы болып табылған жағдайда тікелей байланысты болдырмау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш көрсетілетін қызметті алушының жүгінуінсіз 2020 жылғы 3-тоқсанға - 2020 жылғы 2-тоқсандағы табыстарды, 2020 жылғы 4-тоқсанға - 2020 жылғы 3-тоқсандағы табыстарды, 2021 жылғы 1-тоқсанға - 2020 жылғы 4-тоқсандағы табыстарды ескере отырып, ақпараттық жүйеде автоматты түрде қалыптастырылады.