«Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 2 қазандағы № 83 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16509 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығы есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-2-жолмен толықтырылсын:
«
| 9-2. | Қара металдардан жасалған металл конструкциялар **** | 7308 90 980 9-дан |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 12-1, 12-2, 12-3, 12-4 және 12-5-жолдармен толықтырылсын:
«
| 12-1. | Бу қазандықтары немесе басқа бу шығаратын қазандықтар **** | 8402 11 000 9, 8402 12 000 9, 8402 20 000 9, 8402 90 000 9 |
| 12-2. | Құрамдастырылған қазандықтарды қоса алғанда, өзге де бу өндіретін қазандықтар: өзгелері **** | 8402 19 900 9 |
| 12-3. | Орталық жылыту қазандықтары және оның бөлшектері **** | 8403 10 900 0, 8403 90 900 0 |
| 12-4. | 8402 немесе 8403 тауар позициясының қазандықтарымен бiрге пайдалануға арналған қосалқы жабдық **** | 8404 10 000 0 |
| 12-5. | Бу-су немесе басқа бу күштік қондырғыларына арналған конденсаторлар **** | 8404 20 000 0 |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-1-жолмен толықтырылсын:
«
| 16-1. | Гидравликалық турбиналар, су дөңгелектері және олардың реттегіштері **** | 8410 11 000 0, 8410 12 000 0, 8410 90 000 |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 28-1-жолмен толықтырылсын:
«
| 28-1. | Қуаты 50 000 кВт-тан асатын өзге газ турбиналары және бөліктері **** | 8411 82 800 9, 8411 99 009 8 |
»;