Алға аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 224 «Алға ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 5 маусымдағы № 282 шешімі
Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алға аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 224 «Алға ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 22394 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша, қосымшасының тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша «жұмсаған» сөзі «жұмсалған» сөзімен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген шешіммен айқындалған Алға ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібінде және мөлшерінде: