Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті Төрағасының м.а. 2019 жылғы 17 маусымдағы № 141 бұйрығы
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті Төрағасының м.а. 2023 жылғы 26 қазандағы № 1-НҚ бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларының ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 175 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрықтың 1, 2, 3,4, 5, 6, 7, 8-қосымшаларында:
2 - бөлімнің 14 - тармақтың 12) тармақшасы алып тасталсын;
3 - бөлімнің 16 - тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Инспекцияға басшылықты Инспекцияға жүктелген міндеттерді орындауға және өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікті атқаратын Инспекция Басшысы жүзеге асырады.».