Шығыс Қазақстан облысы аумағында алтын түсті картоп жұмырқұртымен (globodera rostochiensis (Woll.) M. et. St.) зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимінің күшін жою және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 202 «Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 4 қарашадағы № 320 Қаулысы
Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 30 шілдедегі № 05/578 ұсынымы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы аумағында алтын түсті картоп жұмырқұртымен (globodera rostochiensis (Woll.) M. et. St.) зақымданған алқаптар көлемінде келесі жер телімдерінде карантин режимінің күші жойылсын:
1) Семей қаласы, «Бобровка» саяжай алқабы, Садыков Д.А., № 4487 саяжайы, зақымданған алаң – 0,075 гектар;
2) Семей қаласы, Приречный ауылдық округі, қордағы жерлер, зақымданған алаң – 4,5 гектар.
2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 202 «Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3437 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: