«Тәуелсіз сараптамалық комиссия құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 456 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 199 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тәуелсіз сараптамалық комиссия құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 456 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тәуелсіз сараптамалық комиссия құрамы:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 368-425-жолдармен толықтырылсын:
«
| № | Т.А.Ә. | Лауазымы |
| 368 | Ақылбаев Искандер Ерланұлы | «Ұлттық инновациялар және кәсіпкерлік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс қызметін дамыту департаментінің кеңесшісі, комиссия мүшесі (келісім бойынша); |
| 369 | Ақынбекова Динара Нұрғалиқызы | «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесті реттеу департаментінің директоры, экономика ғылымдарының кандидаты, комиссия мүшесі (келісім бойынша); |
| 370 | Аманбаев Дәурен Әбдірайымұлы | «ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Отын-энергетикалық ресурстарды нормалау және бақылау қызметінің жетекшісі, комиссия мүшесі (келісім бойынша); |
| 371 | Әміреев Ғазиз Сағынұлы | «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығы жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі, комиссия мүшесі (келісім бойынша); |
| 372 | Анисимов Алексей Сергеевич | «Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі» мемлекеттік мекемесі цифрландыру департаментінің директоры, Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі, комиссия мүшесі (келісім бойынша); |
| 373 | Арғынбаева Жанар | «Нархоз Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ғылым және коммерцияландыру жөніндегі вице-президенті, PhD, комиссия мүшесі (келісім бойынша); |