Алматы қаласы мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 101 «Алматы қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XIV сессиясының 2022 жылғы 27 қаңтардағы № 108 шешiмi
ШЕШТІ:
1. Алматы қаласы мәслихатының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 101 «Алматы қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26001 болып тіркелген), келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Алматы қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 1 030 714 024 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 813 018 325 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 4 099 585 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 35 369 200 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 178 226 914 мың теңге;
2) шығындар – 991 638 961,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 14 097 244 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 47 399 396 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 47 736 396 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -22 421 577,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициті пайдалану) – 22 421 577,2 мың теңге.»;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Қала бюджетінде жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді қаржыландыру 8 102 607 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Қорғаныс шығындары 6 354 778 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметті қамтамасыз ету бойынша шығындар 24 099 877 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Білім беру шығындары 280 527 597 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Денсаулық сақтау шығындары 41 235 175 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: