«Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар саласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 6 мамырдағы № 34/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 7 тамыздағы № 111/қе бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 6 мамырдағы № 34/қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20609 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген «Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:
5-тармақтың бесінші және алтыншы бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Көрсетілетін қызметті беруші, өтініш берушінің құжаттарын алған кезден бастап 2 жұмыс күні ішінде лицензияны қайта ресімдеуге негіз болған ұсынылған құжаттар мен өзгерістердің толықтығын тексеруді жүзеге асырады.