«Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлау қабілетіне компьютерлік тестілеуден өткізу Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 69 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 72 бұйрығы
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 2-тармағына сәйкес, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлау қабілетіне компьютерлік тестілеуден өткізу Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 9614 санымен тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 6 тамызда № 151(28357) жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін тестен өтудің қағидалары мен шарттары, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер бекіту туралы»:
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары, мекемелері мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін тестен өтудің қағидалары мен шарттары, сондай-ақ лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер бекітілсін.»;
аталған бұйрықпен бекітілген Прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің қызметкерлерін аттестаттау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлау қабілетіне компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидаларында:
Қағиданың атауы мынадай редакцияда жазылсын: