Түркістан қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 71/338-VІ «2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 12 шілдедегі № 9/43-VII шешімі
Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Түркістан қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 71/338-VІ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5987 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Түркістан қаласының 2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемде бекітілсін:
1) кiрiстер - 95 584 109 мың теңге:
салықтық түсiмдер - 13 298 758 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер - 465 711 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 15 256 300 мың теңге;
трансферттер түсiмі - 66 563 340 мың теңге;
2) шығындар - 114 334 713 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 0:
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 24 870 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 24 870 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы - -18 775 474 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 18 775 474 мың теңге:
қарыздар түсімі - 30 901 840 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 13 828 000 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 1 701 634 мың теңге.»;
2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«2. 2021 жылға корпоративтік табыс, жеке табыс салықтар және әлеуметтік салық түсімдерінің жалпы сомасын бөлу нормативтері:
ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы бойынша қалалық бюджетке 50 пайыз, облыстық бюджетке 50 пайыз;
төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша қалалық бюджетке 73,7 пайыз, облыстық бюджетке 26,3 пайыз;