«Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 30 мамырдағы № 511 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 22 мамырдағы № 246 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазы мен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдар мен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10762 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 30 сәуірде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрыққа «Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормалары» деген 1-қосымшада:
реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 2 | Президент Әкімшілігі | Президент Әкімшілігінің Басшысы | 1 | | | 3100 |
| | Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары | 1 | | | 2500 |
| | Президенттің көмекшісі- Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы | 1 | | | 3100 |
| | Президенттің көмекшісі | 1 | | | 3100 |
| | Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары | 1 | | | 2500 |
| | Президент Кеңсесінің бастығы | 1 | | | 3100 |
| | Президенттің Баспасөз хатшысы | 1 | | | 3100 |
| | Президенттің Протокол бастығы | 1 | | | 3100 |
| | Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы | 1 | | | 2500 |
| | Нұр-Сұлтан қаласында көліктік қызмет көрсету | 16********* | 1********* | | 2600 |
| | Алматы қаласында | 1********* | 6********* | | 2600 |
| | Қонақтарға арналған | | 25 | | *** |
»;
2-1-жолдың әрекеті Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормалары 2019 ж. 23 наурыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 2-1-жолмен толықтырылсын:
«