Кентау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 160 «Кентау қалалық ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2021 жылғы 5 қазандағы № 79 шешiмi
Түркістан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 157 шешiмiмен күші жойылды
ШЕШТІ:
1. Кентау қалалық мәслихатының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 160 «Кентау қалалық ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4643 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кентау қалалық ауылдарының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 21 маусымдағы №65 бұйрығына сәйкес әзірленді.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:
бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;
ауыл бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;
ауылдың коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі ауыл әкімі аппаратының шешімдерін келісу;
бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;
ауыл бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;
ауылдың коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;