Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 174 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
«Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістердің, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердің бөлек есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 227-НҚ бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8711 болып тіркелген, 2014 жылғы 5 ақпандағы № 24 (28248) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған):
тақырып мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектілерінің кірістерді, шығындар мен тартылған активтерді бөлек есепке алуын жүргізу қағидалары бекітілсін.»;