ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022.03.11. № ҚР ДСМ-126 бұйрығымен 4-қосымша жаңа редакцияда (2023 ж. 9 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына
4-қосымша
Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату
қағидалары
(2026.26.06. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2026.10.06. № 66 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 26 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату қағидалары (бұдан әрі - қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 9-бабының 40-4) тармақшасына және 21-бабына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданылуын қайта бастау, қайта рәсімдеу, тоқтату тәртібін айқындайды.
2. Осы қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) патогенді биологиялық агент - адамның, жануардың немесе өсімдіктің организмінде инфекциялық және (немесе) паразиттік процесті туғызуға қабілетті микроорганизмдер, биологиялық және өсімдік тектес улар (уыттар), гельминттер, нематодтар;