Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасының Үкіметі
арасындағы заңсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді іске асыру бойынша
атқару хаттамасы
(Минск қ., 2015 жылғы 2 қыркүйекте)
ҚР 2016 жылғы 1 наурыздағы № 468-V Заңымен ратификацияланды
2016 жылғы 23 маусымда күшіне енді
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Тараптар деп аталатын Минск қаласында 2015 жылғы 2 қыркүйекте жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасының Үкіметі арасындағы заңсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім деп аталатын) ережелерін орындау мақсатында, сондай-ақ Келісімнің 16-бабының негізінде төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Құзыретті органдар
1. Құзыретті органдар:
1) Қазақстан Республикасы үшін:
Ішкі істер министрлігі
Мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1
Телефон нөмірлері: +7 (7172) 722273, 714167
Факс нөмірі: +7 (7172) 714262
Электрондық пошта: readmissiya.kz@mail.ru
2) Молдова Республикасы үшін:
Ішкі істер министрлігі
Көші-қон және пана беру бюросы
Мекенжайы: 2001, Кишинев қаласы, Штефан чел Маре б-ры, 124
Телефон нөмірлері: +373 22-265-618, 265-609
Факс нөмірі: +373 22-272-203
Электрондық пошта: readmission@bma.gov.md.
2. Тараптар өздерінің Құзыретті органдарының не олардың атауларының немесе функцияларының өзгергені туралы осы деректер өзгерген кезден бастап 3 (үш) күн ішінде кешіктірмей дипломатиялық арналар арқылы бір-біріне хабарлайды.
2-бап
Өткізу пункттері
1. Осы Келісімді іске асыру үшін мемлекеттік шекара арқылы мынадай өткізу пункттері пайдаланылуға тиіс:
Қазақстан Республикасы үшін:
Астана қаласының халықаралық әуежайы,
Алматы қаласының халықаралық әуежайы;
Молдова Республикасы үшін:
Кишинев халықаралық әуежайы.
2. Тараптардың құзыретті органдарының өзара келісуі бойынша адамдарды беру немесе олардың транзиті мемлекеттік шекараны кесіп өтудің басқа пункттері арқылы жүзеге асырылады.
3-бап
Тілі
Тараптардың құзыретті органдары арасындағы хат алмасу орыс тілінде жүзеге асырылады.
4-бап
Реадмиссия туралы өтінішхат