«Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 1 шiлдедегі № 633 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 14 қазандағы № 694 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 201 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 1 шiлдедегі № 633 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23445 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Кеңсе керек-жарақтары мен басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары мемлекеттік органдар үшін жылына 1 (бір) қызметкерге 8 (сегіз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.
Ақпаратты қорғау, мемлекеттік органдарды құжаттамамен қамтамасыз ету және Республикалық бюджеттік комиссия, ведомстволық бюджеттік комиссия қызметін атқаратын құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері үшін кеңсе керек-жарақтары мен басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары қолданылмайды.
Мемлекеттік органдар ақпаратты қорғау, мемлекеттік органдарды құжаттамамен қамтамасыз ету және Республикалық бюджеттік комиссия, ведомстволық бюджеттік комиссия қызметін атқаратын құрылымдық бөлімшелердің қызметінің ерекешелігін ескере отырып, қажет болған жағдайда кеңсе керек-жарақтары мен басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің ішкі тәртібін дербес әзірлейді және бекітеді.»;
осы бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудің заттай нормаларында:
1.3.3-реттік номері бойынша:
«
| | | | Кеңсе керек-жарақтары мен басқа да шығыс материалдар | | | | | | | |
| | | | қағаз А4 | | 4 | бума (500 парақ) | 1 жыл | парақ форматы: А4, өлшемі: 210 х 297 мм, қағаз сыныбы: В, В+ С, С+ | |
| | | | күнделік | | 1 | дана | 1 жыл | мұқабаның материалы: куагуле (былғары), картон, бумвинил, формат: А5, ішкі блок: офсеттік қағаз | |