«Қызылорда қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 63-8/5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қызылорда қалалық мәслихатының 2025 жылғы 27 қарашадағы № 307-44/1 шешімі
Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Қызылорда қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 63-8/5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8449-11 болып тіркелген) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қызылорда қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
5-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) 16 желтоқсан - Тəуелсіздік күні: