Алматы облысы әкімдігінің
2019 жылғы 28 қаңтардағы
№ 43 қаулысымен бекітілген
12-қосымша
Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 35 Қаулысымен күші жойылды
«Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның
тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі
туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру және қайтарып алуды тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру және қайтарып алуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алу мүмкіндігі туралы көзі тірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру және қайтарып алуды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтінішті қабылдау және нәтижесін беру мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: