Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 15/173 «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 мамырдағы № 18/217 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 245 «2018 - 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 желтоқсанындағы № 823 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық мәслихаттың 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 15/173 «2018 - 2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3497 болып тіркелген, 2018 жылғы 6 қаңтардағы № 3-4 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 тармағы келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 110 711 397,4 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 75 616 213,8 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 9 719 444,7 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2 500,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 25 373 238,9 мың теңге;
2) шығындар - 109 057 014,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 429 028,4 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 6 638 706,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 7 067 734,4 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 803 387,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 804 511,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1 124,0 мың теңге;