«Жүйе құраушыларға жататын металлургия өнеркәсібі саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 350 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 101 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 12 мамырдағы № 350 «Жүйе құраушыларға жататын металлургия өнеркәсібі саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32493 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүйе құраушыларға жататын, металлургия өнеркәсібі саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
16-тармақтың 2) тармақшасында мынадай редакцияда жазылсын:
«2) көлік құралдары кірген (шыққан) кезде, сондай-ақ металлургия өнеркәсібі объектісіне келген адамдардың қол жүгін олар кірген (шыққан) кезде оларды қарап-тексеруді жүргізу;»;
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: