Көмірсутек шикізаты мен уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 620 бұйрығы
(2019.18.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № 567 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.18.09. № 725 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.18.09. № 725 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Тарату қорын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Жерасты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауды, өндiрудi жүргiзу үшiн берiлген жер қойнауы учаскесінде сервитуттарды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
4) осы бұрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім жасау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Жер қойнауы учаскесін өзгертуге арналған өтініш» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекiтiлсiн.