Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 8С-2/8 «Шортанды ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 маусымдағы № 8С-6/4 шешімі
Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2025 жылғы 13 маусымдағы № 8С-38/2 шешімімен күші жойылды
Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 8С-2/8 ««Шортанды ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген «Шортанды ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне:
2-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) құрылымдық бөлімшенің/мемлекеттік органның басшысы - Е-2 санатының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) бағаланатын кезең - мемлекеттік қызметшінің жұмыс нәтижелерін бағалау кезеңі;»;
мынадай редакциядағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) жеке жұмыс жоспары - «Б» корпусы қызметшісінің бағалау кезеңіне НМИ қарастырылған және тікелей басшысымен бірлесіп құрылатын, жоғары тұрған басшымен бекітілген құжат.»;
3- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мәслихат аппаратының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі - бағалау) олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын анықтау үшін персоналды басқару бойынша бірыңғай ақпараттық жүйе (бұдан әрі - ақпараттық жүйе) арқылы жүргізіледі. Бұл ретте техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда бағалау қағаз тасымалдағышта немесе мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерде жүргізіледі.