«2020-2022 жылдарға арналған Ақжарма ауылдық округінің бюджеті туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 285-54/3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу турал
Қызылорда қалалық мәслихатының 2020 жылғы 11 ақпандағы № 301-56/3 шешімі
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінің 109-1 бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-7 тармағына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «2020 - 2022 жылдарға арналған Ақжарма ауылдық округінің бюджеті туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 285-54/3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №7070 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 8 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2020 - 2022 жылдарға арналған Ақжарма ауылдық округінің бюджеті 1,2,3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 134 115,0 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 4 181 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 137 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 129 797 мың теңге;
2) шығындар - 135 269,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0; оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -1 154,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 154,6 мың теңге;
қарыздар түсімі - 0;
қарыздарды өтеу - 0.».
Аталған шешімнің 1-тармағы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 1 154,6 мың теңге.».