Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 23/1 «Солтүстік Қазақстан облысының 2023 – 2025 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 4/2 шешімі
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Солтүстік Қазақстан облысының 2023 – 2025 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы № 23/1 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Солтүстік Қазақстан облысының 2023 – 2025 жылдарға арналған облыстық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2023 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 402 620 263,1 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 45 980 148 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 3 832 054,5 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 6 910 мың тенге;
трансферттер түсімі – 352 801 150,6 мың теңге;
2) шығындар – 383 834 505 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 22 141 286,3 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 36 911 341,3 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 14 770 055 мың теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо – 2 500 000 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 2 500 000 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -5 855 528,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 5 855 528,2 мың теңге:
қарыздар түсімі – 26 939 474 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 32 192 629,4 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 11 108 683,6 мың теңге.»;
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. 2023 жылға арналған облыстық бюджет кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес мына салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін: