Осы редакция 2017 жылғы 25 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2015 жылғы 27 мамырдағы
№ 43 бұйрығына
5-қосымша
«Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге
және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беретін құжат) беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беретін құжат) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 30 бұйрығымен бекітілген «Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беретін құжат) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - ҰҚК, көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті корсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші, оның ішінде www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан эрІ - портал) арқылы жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - шифрлау (крифтографиялық) құралдарын Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге (рұқсат беретін құжат) қорытынды беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл жасау тәртібін сипаттау