Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ БЮДЖЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ...

Информация о документе
Датачетверг, 26 октября 2023
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 26 октября 2023

Шанхай ынтымақтастық ұйымының бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы
КЕЛІСІМ

(Сочи қ., 2017 жылғы 1 желтоқсанда)

(2023.26.10. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2024 жылғы 16 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Президентінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 712 Жарлығымен бекітілді

 

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап уақытша қолданылады

 

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер

2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хартиясының 12-бабын басшылыққа ала отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Осы Келісімнің мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

ШЫҰ немесе Ұйым - Шанхай ынтымақтастық ұйымы;

Мүше мемлекеттер - ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер;

Бас хатшы - ШЫҰ Бас хатшысы;

ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс істейтін органдары - ШЫҰ Хатшылығы, ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымы (бұдан әрі — ӨТҚҚ) және ШЫҰ шеңберінде құрылатын, тұрақты жұмыс істейтін өзге де кұрылымдар;

Директор - ӨТҚҚ Атқарушы комитетінің директоры;

Аванстар - мүше мемлекеттер ШЫҰ бюджетіне бір рет аударатын және Ұйым қызметін тоқтатқан немесе олар одан шыққан жағдайда мүше мемлекеттерге қайтарылатын сомалардың үлестік жарналарының мөлшерлеріне сәйкес ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің үкіметтері басшыларының (премьер-министрлер) кеңесі (бұдан әрі - ҮБК) бекітетін;

Бюджет (тұрақты) — ШЬІҰ тұрақты жұмыс істейтін органдарының міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге арналған ақшалай қаражаттың пайда болу және пайдаланылу нысаны. Ол мүше мемлекеттердің үлестік жарналарынан және өзге де түсімдерден тиісті бюджеттік жылға қалыптастырылады;

Бюджеттік (қаржы) жылы - 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезең;

Жарналар (үлестік) - осы қаржы жылы ШЫҰ тұрақты жұмыс істейтін органдарының қызметіне байланысты шығыстарды қаржыландыру үшін ШЫҰ мүше мемлекеттері үшін белгіленген (есептелген) сомалар;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами