«Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтерінің кейбір мәселелері туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 503-1230 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 10 қыркүйектегі № 503-1573 Қаулысы
Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 16 шілдедегi № 503-2348 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылар мен багажды тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдау тарифтерінің кейбір мәселелері туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 503-1230 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 1181 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 шілдедегі «Астана ақшамы», «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулыда:
1-тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшалары және 2-тармақ «электрондық жол жүру құжаты» деген сөздерден кейін «немесе электрондық төлемнің қосымша қызметтері» деген сөздермен толықтырылсын.