«Күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 757 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 32 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 704 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 78 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 757 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 32 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17655 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 7 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұрықпен бекітілген Күзет қызметін мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективтік өлшемшарттарында:
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| 7 | Жеке күзет ұйымының басшысында психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарының есебінде тұрмайтындығы фактісін растайтын құжаттың болуы | Өрескел |
»;