«Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 25-03-01/82 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 4 ақпандағы № 33 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 25-03-01/82 (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылғы 28 наурызда № 7492 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 26 мамырда № 269-273 (27347) жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар түрлерін есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жануарлар түрлерінің есебін жүргізуді аңшылық шаруашылығы субъектілері (бұдан әрі - жануарлар дүниесін пайдаланушылар), жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасы болып табылатын аумақтар мен акваториялар бекітілген Аумақтық бөлімшелер, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік мекемелер жүзеге асырады.