Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28/150-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 38/210-V шешімі
Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 9 қарашадағы № 12/70-VIII шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабының 2-3 - тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 28/150-V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 3267 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 мамырдағы «Семей таңы» және «Вести Семей» газеттерінің № 35-36 сандарында жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: