«Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2025 жылға арналған квота белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 505 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2025 жылғы 1 тамыздағы № 234 бұйрығы
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2025 жылға арналған квота белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 505 бұйрығына (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35573 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2025 жылға арналған квота жұмыс күшінің санына қатысты келесі пайыздық мөлшерде:
1) жергілікті атқарушы орган жұмыс берушілерге беретін рұқсаттар бойынша 0,25 %;
2) еңбекші көшіп келушілерді тартуға 2,95% мөлшерінде белгіленсін.».