«Бюджет қаражаты есебінен орындалатын геодезиялық, картографиялық жұмыстардың және аэроғарыштық түсірілім жұмыстарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 72/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 22 сәуірдегі № 213/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджет қаражаты есебінен орындалатын геодезиялық, картографиялық жұмыстардың және аэроғарыштық түсірілім жұмыстарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 72/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32021 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бюджет қаражаты есебінен орындалатын геодезиялық, картографиялық және аэроғарыштық түсірілім жұмыстарының тізбесін бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен орындалатын геодезиялық, картографиялық жұмыстардың және аэроғарыштық түсірілім жұмыстарының тізбесінде:
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Мемлекеттік функциялар мен міндеттерді орындауға бағытталған географиялық цифрлық жүйелер мен ресурстар, геопорталдар, геосервистер жасау, дамыту және сүйемелдеу.