Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2024 жылғы 23 қаңтардағы
№ 60 бұйрығына
7-қосымша
«Сот портреттік сараптамасы»
кәсіптік стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес «Сот портреттік сараптамасы» кәсіптік стандарты әзірленді, ол құжаттардың сот сараптамасын жүргізу жөніндегі сот сарапшысының біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындауға арналған және сот-сараптама қызметі саласында қолданылады.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) білім - кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;
2) дағды - кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;
3) жазба - қол жеткізілген нәтижелер туралы мәліметтерді қамтитын құжат немесе жүзеге асырылған қызметтің расталуы (верификацияның, ескертуші және түзетуші әрекеттердің жүргізілуінің куәлігін ұсыну және қадағалауын рәсімдеу үшін);
4) сот портреттік сараптамасының мәні - жеке тұлғаны жеке тұлғаны сәйкестендіру мақсатында объективті материалдық тасымалдағыштарда түсіріліп алынған сыртқы келбет белгілерін зерттеу кезінде арнайы ғылыми білімдер негізінде анықталатын нақты деректер;
5) сот портреттік сараптамасының объектісі - портреттік ақпараттың әртүрлі объективті материалдық тасымалдағыштарында түсіріліп алынған адамның сыртқы келбетінің бейнелері.
3. Осы кәсіптік стандартта мынандай қысқартулар қолданылады:
БТБА - Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-Біліктілік анықтамалығы;
БА - Біліктілік анықтамалығы;
СБШ - Салалық біліктілік шеңбері;
ЭҚЖЖ - Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы мемлекеттік жіктеуіші.
2-тарау. Кәсіптік стандарттың төлқұжаты
4. Кәсіптік стандарттың атауы: «Сот портреттік сараптамасы».
5. Кәсіптік стандарт коды: О84230.
6. ЭҚЖЖ сәйкес секциясын, бөлімін, тобын, сыныбын және кіші сыныбын көрсету: