Атырау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 293 қаулысына 1-қосымша
Атырау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 293 қаулысымен бекітілген
Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 304 Қаулысымен күші жойылды
Атырау облысы әкімдігінің 2016.18.07. № 156 Қаулысымен барлық мәтін бойынша «ХҚО», «ХҚО-ның» деген сөздер сәйкесінше «Мемлекеттік корпорация», «Мемлекеттік корпорацияның» деген сөздермен өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Оралман мәртебесін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.18.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Атырау облысы әкімдігінің 2016.18.07. № 156 Қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жалпы ережелер
«Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органы, «Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушыға оралман куәлігін беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде
Атырау облысы әкімдігінің 2016.18.07. № 156 Қаулысымен 2-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау