«Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарт (шарт) жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 215 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 600 бұйрығы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 325 бұйрығымен 2018 жылғы 29 маусымнан бастап күші жойылды
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарт (шарт) жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 215 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10920 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарт (шарт) жасасу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын жер қойлауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарт (шарт) жасасу «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.».