Осы редакция 2016 жылғы 27 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 284 бұйрығына
2-қосымша
«Жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді:
1) көрсетілетін қызметті беруші ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары арқылы;
2) халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы;
3) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының азаматын жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебіне қою - құжаттарды портал арқылы берген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың орналасқан орны туралы мәліметтерді өзгерту - құжаттарды портал арқылы берген күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
орындалмаған салық міндеттемелерінің болмауы шартымен көрсетілетін қызметті алушыны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінен шығару - құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО берген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;