Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2015 жылғы 27 мамырдағы
№ 43 бұйрығына
4-қосымша
Осы редакция 2019 жылғы 28 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017.25.10. № 98/қе бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2017.25.10. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017.25.10. № 98/қе бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. «Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 30 бұйрығымен бекітілген «Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11360 тіркелген) негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен (бұдан әрі - ҰҚК, көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші, оның ішінде www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған).