Әкімдіктің 2015 жылғы 28 қазандағы № 456 «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қарашадағы № 607 Қаулысы
Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 16 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 456 «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6023 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 желтоқсанда «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын зерделейді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде - 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде - 3 (үш) жұмыс күні;
қағаз нысанында берілген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған немесе бүлінген жағдайда телнұсқасын беру кезінде - 2 (екі) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарының толықтығын тексереді, сондай-ақ лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік органдардың келісімдерін (ілеспе рұқсаттарды) алу үшін өтініш берушінің алдағы қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыру орны бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшеріне сұрау салуды жібереді.