«Техникалық реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1199 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 826 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2024 жылғы 26 маусымдағы № 267-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2024 жылғы 26 маусымдағы № 41 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Техникалық реттеу саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 1199 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 826 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12735 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын;
Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген техникалық реттеу саласындағы бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:
мынадай мазмұндағы 4-1-тараумен толықтырылсын:
«4-1-тарау. Техникалық реттеу саласындағы жедел ден қою шаралары»;
мынадай мазмұндағы 16-1, 16-2 және 16-3-тармақтармен толтырылсын:
«16-1. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын талаптардың тізбесі осы бірлескен бұйрықтың 5-қосымшаға сәйкес тексеру парақтарында, осы бірлескен бұйрықпен бекітілген келтірілген.