Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2019 жылғы 14 наурыздағы № 113 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес, кадрлық өзгерістерге байланысты БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 18 тамыздағы № 353 бұйрығында:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының байқау кеңесінің құрамына:
Биғари Рүстем Айдарбекұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі енгізілсін;
көрсетілген құрамнан:
Аймағамбетов Асхат Қанатұлы шығарылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының байқау кеңесінің құрамына:
Ыдырысов Азамат Тіржанұлы - академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры;