«Баға статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 10 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2025 жылғы 3 маусымдағы № 11 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Баға статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19953 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
1), 2), 3) және 4) тармақшалар алынып тасталсын;
9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшалар алынып тасталсын;
45) және 46) тармақшалар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 49), 50), 51) және 52) тармақшалармен толықтырылсын:
«49) «Көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау тарифтері туралы есеп» (индекс 1-тариф (жүктер), кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 49-қосымшаға сәйкес;
50) «Көліктің барлық түрлерімен жүктерді тасымалдау тарифтері туралы есеп» (индекс 1-тариф (жүктер), кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 50-қосымшаға сәйкес;
51) «Заңды тұлғаларға арналған пошта және курьерлік қызметтердің тарифтері туралы есеп» (индекс 1-тариф (пошта, курьер), кезеңділігі айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны осы бұйрыққа 51-қосымшаға сәйкес;