Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Руанда Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы
келісім
(Нью-Йорк, 2024 ж. 25 қыркүйек)
ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 6 наурыздағы № 125 Қаулысымен бекітілді
2025 жылғы 20 сәуірде күшіне енді
Бұдан әрі жеке-жеке Тарап және бірге Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Руанда Республикасының Үкіметі
екі мемлекет арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға ұмтыла отырып,
Қазақстан Республикасы мен Руанда Республикасының азаматтары - жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттар иелерінің екі мемлекет арасындағы өзара сапарларын жеңілдетуді қалай отырып,
өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес әрекет ете отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Бір Тарап мемлекетінің азаматтары - жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына алғаш келген күннен бастап күнтізбелік 180 (жүз сексен) күндік кезең ішінде жиыны күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге визасыз көп мәрте келуге, транзитпен өтуге және болуға құқылы.
2-бап
Тараптардың бірі мемлекетінің азаматтары - екінші Тарап мемлекетінің аумағында дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің қызметкері ретінде қызметтік іссапарда жүрген жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері - жарамды дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері екінші Тарап мемлекетінің аумағына өздері аккредиттелген кезеңге визасыз келе алады және кете алады, бірақ екінші Тарап мемлекетінің аумағына келгеннен кейін тұруға ықтиярхат алуға өтініш беруге тиіс.
3-бап
Тараптардың әрқайсысы мемлекеттері азаматтарының дипломатиялық және қызметтік паспорттары екінші Тарап мемлекетінің аумағына келген күннен бастап кемінде 6 (алты) айға жарамды болуға тиіс.
4-бап