Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АЛКОГОЛЬ ӨНІМІН ӨНДІРУГЕ ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУ» МЕМЛЕКЕТТІК...

Информация о документе
Датапятница, 10 июля 2020
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 10 июля 2020

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің м.а.

2020 жылғы 10 шілдедегі

№ 665 бұйрығына

6-қосымша

 

Осы редакция 2024 ж. 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаты

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 10 бабы 1)-тармақшасына сәйкес әзірленген және «Алкоголь өнімін өндіруге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсету тәртібін анықтайды.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы).

 

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

3. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

Лицензияны алу және/немесе қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші портал арқылы қабылданады.

Лицензияның қолданысы тоқтатылған кезде ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияның қолданысын тоқтату үшін сауал, көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның телнұсқасын қайтара отрып, лицензияны электронды нысанда ресімдеу жағдайын қоспағанда.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында көрсетілді.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами