«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілері (біліктілігі бар жұмысшыларды қоспағанда) лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 746 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 10 қарашадағы № 617 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық қызметшілері (біліктілігі бар жұмысшыларды қоспағанда) лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 746 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13150 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 наурызда «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.»;