Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 615 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңестерінің құрамдарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 18 тамыздағы № 353 бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің құрамына:
Исекешев Әсет Өрентайұлы - Астана қаласының әкімі енгізілсін (келісім бойынша);
көрсетілген кеңестің құрамынан:
Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы шығарылсын;
көрсетілген бұйрыққа 6-қосымшада:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің құрамына:
Суханбердиева Эльмира Амангелдіқызы - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі енгізілсін;
көрсетілген кеңестің құрамынан:
Ырсалиев Серік Әзтайұлы шығарылсын;
көрсетілген бұйрыққа 8-қосымшада:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны байқау кеңесінің құрамына:
Мұқанов Нұрлыбек Бекболатұлы - Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасының директоры (келісім бойынша);
Садуақасов Сабыржан Өміртайұлы - Ақтөбе қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» АББҰ директоры енгізілсін (келісім бойынша);