Қару-жарақ, әскери техника және жекелеген қару түрлерінің айналымы саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер регламенттерiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2019 жылғы 18 ақпандағы № 28/НҚ бұйрығы
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Босатылатын оқ-дәрiлерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды жою (жою, тазарту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу қызметін жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.